Ақтауда әскери қызметші жол апатынан қаза тапты

14 қаңтарда бөлімше Ақтау гарнизонының Оймашы әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған. Көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант—әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі қайғылы қазаны растады. Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болыпты.

Алған жарақаттарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қарулы күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Камаз Ақтау бөлімше Оймашы

Тақырыпқа жаңалықтар