Қазақстан жаңалықтары8 ақпан 2026, 14:50

Ақтауда дәрігерлер сәбидің өкпесінен темір зат алып шықты

Дәрігерлер 4 ай бойы «астмадан» емделген 11 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Нәрестенің жағдайы күрт нашарлап, демікпесі күшейген соң ауруханаға жеткізілген. Тексеріс барысында рентген сәбидің өкпесінде жатқан темір затты көрсеткен. Ал ота кезінде дәрігерлер оның жанынан шемішке қабығын анықтады.

Мамандардың айтуынша, осы металл зат бірнеше ай бойы өкпеде жатқан. Егер шемішке тыныс жолын бітеп, жағдайды ушықтырмағанда, баланы әлі де "астмадан" емдеуі мүмкін еді.

Бөгде заттар алынған соң, нәрестенің мазасын алған жөтел басылған.

Ақтау Дәрігер нәресте Аурухана
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар