Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, биіктен секіріп кетті
Оқиға қаладағы 28 А шағынаудан 4-үйде болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам өзіне пышақ сұғып, «Мен істеген жоқпын ондай қылмысты» деп терезеден секіріп кетті. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
— Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, — деп жазылған хабарламада.
Ескерту: Оқиғаның видеосын балалар, жүкті әйелдер және психикасында проблемасы бар адамдар қарамағаны жөн.