Ақтауда мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды

МАЭК-Қазатомпром бағытына қарай автожолда жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жол апаты шамамен екі сағат бұрын МАЭК автобазасының маңындағы Т-тәрізді қиылыста болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Yamaha XJR 1300 маркалы мотоциклдің жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған жылқымен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмған.

Жол апатының куәгері мотоцикл жүргізушісімен бірге бір қыз болғанын, оның ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде, қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Аурухана Жол апаты Адам қаза тапты

Тақырыпқа жаңалықтар