Ақтауда қолданылған шприцтерді көшеге тастаған адамға айыппұл салынды

2026 жылғы 7 қаңтарда Ақтау тұрғыны қаланың 7-шағын ауданындағы үйлердің бірінің артына пайдаланылған шприцтерді тастап кеткен. Осылайша ол қоғамдық орындарды ластаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сотта ол өз кінәсін мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні мойындауды ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Осыған байланысты сот ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігінде көзделген 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшеріндегі айыппұлды 30 %-ға қысқарту мүмкін деп тауып, түпкілікті 30 275 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

Ақтау Айыппұл шешім Аудан

Тақырыпқа жаңалықтар