Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылды
Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылысы болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласы 32В шағын ауданындағы «Асия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 3 ересек адам мен 2010 және 2015 жылы туған 2 бала жарақат алған.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен келтірілген залал анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: