Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2024, 12:56

Ақтөбе облысы: «Магаджан» бөгетін күтіп ұстамаған кәсіпкер тергеліп жатыр

Ақтөбе облысының бірнеше елді мекеніне суы жайылған «Магаджан» бөгеті иесінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті Kazinform деп жазады агенттігі. 

Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда серіктестік тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындалмаған», - деді Әлібек Әбділов.

Оның сөзінше, мұндай салғырттықтың салдары биыл бірнеше елді мекеннің тұрғынын әбігерге түсірген.

«Мәселен, биылғы 5 сәуірде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан «Магаджан» бөгеті бұзылды.

Су тасқыны нәтижесінде Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды», - деді ресми өкіл.

Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сол тергеудің қорытындысы бойынша іске қатысы бар лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Ақтөбе облысы «Магаджан» бөгеті кәсіпкер Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар