Ақтөбе облысында қонақ жігіт көз жұмды
Ақтөбе облысында тойдан кейін төбелес болып, 26 жастағы жігіт қаза тапты,деп хабарлайды Arbat.Media.
8 тамызда Шалқар қаласында тойдан кейін төбелес болып, салдарынан 26 жастағы жігіт ауыр жарақат алған.
Жас жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол медициналық мекемеде көз жұмды.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысы Ақтөбе облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: