Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының маңында болған.

Полиция мәліметінше, «ВАЗ» және «DAF» көлігі соқтығысқан.

Салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақтөбе Апат Марқұм полиция

Тақырыпқа жаңалықтар