Қазақстан жаңалықтары20 маусым 2025, 9:16

Ақтөбеде 9 жастағы қызды құтқарамын деп өлім құшқан ер адам туралы тың дерек шықты

Ақтөбе облысында еркін күрес тренері 9 жасар қызды құтқарамын деп қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Байғанин ауданы Жарлы ауылында ойнап жүрген 9 жасар қыз 10 метрлік құдыққа құлап кеткен. 38 жастағы тренер қызды құтқару үшін құдыққа түсіп, өзі де есінен танып қалған. Құтқарушылар дер кезінде көмектескенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Ұзақ жыл бойы еркін күрес секциясын басқарған Нұрбол Бердығалиев жергілікті тұрғындар мен жас спортшылар арасында сыйлы болған.

Ақтөбе облыс Адам Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар