Ақтөбеде түнгі уақытта жас жігітке шабуыл жасағандар қамауға алынды
Полиция мәліметінше, екі ер адам жастар арасында криминалдық бедел қалыптастырмақ болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар түнде ойын клубтарының бірінде жас жігітке газ баллон қолдану арқылы дене жарақаттарын келтірген.
Сондай-ақ осы мекеменің мүлкіне залал келтіріп, ойын автоматтарының мониторын сындырған.
Күдіктілердің бұрын сотты болғаны анықталды.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: