Ақтөбеде жол апатында жарақат алған 6 адам облыс орталығына жеткізілді
Ақтөбеде жол апатында жарақат алған 6 адам облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
12 адамның өмірін қиған жол апатында жарақат алғандардың барлығы Ақтөбе қаласына жеткізілді. Олардың бесеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Тағы бірі комада.
Жол апаты өткен аптада Әйтеке би ауданының аумағында болған. Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Жүргенов ауылынан келе жатқан шағын автобусқа соғылған. 10 жолаушы мен 2 жүргізуші сол жерде қаза тапты. Алты адам Хромтау қаласына жеткізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: