Ақтөбедегі №9 мекемеден жеті сотталған азамат бостандыққа шықты

Облыстағы №9 мекемеде рақымшылық 27 сотталғанға қатысты қолданылады, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Олардың жетеуі бостандыққа шығып үлгерген.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша рақымшылық аясында түзеу мекемелерінен 620 адам босатылды. Сонымен қатар 724 адам пробация қызметінің есебінен шығарылып, 730-дан астам сотталғанның жаза өтеу мерзімі қысқартылды.

Айта кетейік, рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Рақымшылық Сыбайлас Жемқорлық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар