Ақтөбелік дәрігердің өліміне қатысты үкім шықты

Ақтөбеде дәрігердің өліміне қатысы бар адамға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот мәліметінше, сотталушы Ш. деализдік орталықта мейіргер болып істеген. Ол 1956 жылы туған дәрігер А.-ның сеніміне кіріп, оны өлтірген. А.-ның шоттарынан 5 268 000 теңге шешіп алған.

“Сотталушы Ш. жәбірленуші А.-ны, оның жалғыз тұратынын біліп, пайдакүнемдік ниетпен өлтіру деген ой туындаған. Сөйтіп, ол пәтерде күтіп, маңызды органдарын балтамен бірнеше рет ұрып, өлтіріп, үйдегі тоңазытқышқа салып қойған", - деп жазылған сот мәліметінде.

Сот шешімімен, мейіргер Ш. 20 жылға сотталды.

Ақтөбе Дәрігер сот Үкім

Тақырыпқа жаңалықтар