“Арқанмен аттың жалына байлаған”: Ер адам әйелін жантүршігерлік жағдайда өлтірді

Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі жантүршігерлік жағдайда азаптап өлтірді. Қайғылы оқиға 22 маусымда Ақсу ауданы Баласаз ауылында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

32 жастағы марқұмның туыстары қаралы қазаға күйеубаласы Жанболат Айбарды кінәлап отыр. Туыстары әйелді күйеуі арқанмен аттың жалына байлап, сүйреген деген болжам айтуда. Ер адам әйелін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Кейін ауруханаға өзі алып барған. Айзат Жұманова түнгі сағат 2:30 шамасында ауыр халде Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Бірақ келіншек оған дейін көз жұмған екен. Әйелге дәрігерлер ми жарақаты, церебральды ісіну, жамбас сүйектерінің, аяқ-қолдың, бас сүйектің сынуы диагнозын қойған. Ер адам ауруханадағыларға әйелінің «2-қабаттан құлап түскенін» айтқан.

Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, ер адамның Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер болғаны анықталды.

 

 

 

 

 

 

Жетісу Әкім облыс Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар