Әскери оқу орындарының үздік түлектеріне бірден «аға лейтенант» дәрежесі берілуі мүмкін
Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада Отан қорғаушы күніне орай өткен мерекелік шарада айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сонымен қатар күштік құрылымдар сапына жастарды көптеп тартып, кадрлық әлеуетті нығайту ісіне көңіл бөлініп жатқанына тоқталды.
«Мен әскери оқу орындарының үздік түлектерін ынталандыру жөнінде тапсырма бердім. Парламентте үздік білім алушыларға оқуды тәмамдаған кезде бірден «аға лейтенант» дәрежесін беруге қатысты тиісті түзетулер қарастырылып жатыр. Жалпы, биыл және келесі жылдар әскери білім беру сапасын арттыруға арналуы керек», - деді Президент жиында.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне кеңінен қолдау көрсетіліп келетінін де атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: