Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ туралы тың дерек шықты

Астанада 22 маусым күні болған жеңіл моторлы TL-2000 ұшағының апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ҚР Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«TL-2000 маркалы жеке меншік жеңіл әуе көлігінің құлауына байланысты ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу амалдары басталды», – делінген ведомство таратқан мәлімдемеде.

Құлаған ұшақ жеке меншікке тиесілі болған. Алдын ала дерек бойынша, бортта болған екі адамның – пилот пен жолаушының қаза тапқаны расталды. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Бүгін Астана қаласындағы Жоламан әуеайлағы маңында оқу-жаттығу барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған екі адам қаза тапты.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігінің мамандары апат орнына барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

 

Астана Ұшақ Апат Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар