Қазақстан жаңалықтары19 сәуір 2024, 9:23

Астана мектептерінде атыс болатыны жайлы жалған хабар тарады

Елорда мектептерде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. Кеше Telegram каналда Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы ескерту айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты» деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметі.

Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Астана мектептер жалған хабар
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар