Астана қарулы ер адам арнайы жасақ қызметкерін жаралады

Желіде Астанада атыс болып, ішкі істер министрлігіне қарасты "Сұнқар" арнайы жасағының қызметкері зардап шеккені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қызметкер көлікпен келе жатқан кезде жолға қарулы адам шыққан. Күдікті арнайы жасақ қызметкеріне оқ атып, нәтижесінде ол қабырға және мойын аймағынан жарақат алған.

Желіде күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам аңшы мылтығынан автокөлік жүргізушісіне оқ атқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция жәбірленушінің құқық қорғау органы қызметкері екенін растап, оқиға болған кезде оның еңбек демалысында болғанын мәлімдеді.

Тақырыпқа жаңалықтар