Астанада 24 жастағы бригадирдің масқарасы шықты

Астанада өзгенің мүлкін сатып жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қаласында полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан ірі көлемдегі темір контейнерді заңсыз сатып жіберген 24 жастағы бригадирді ұстады.

«Кешкі уақытта күдікті интернет желісінде 20 тонна темір контейнерді сатуға қатысты хабарландыру жариялап, тез арада сатып алушы да табылады. Ол контейнерді құрылыс алаңынан еш кедергісіз тиеп алып кетеді. Куәгерлерде ешқандай күдік болмаған, олар контейнер бригадирдің меншігі деп ойлаған. Күдікті бұл мәміледен 300 мың теңге пайда тапқан. Алайда контейнердің иесі бұл сауданы білген сәтте полицияға арыз түсірген», - делінген хабарламада.

Келтірілген шығын көлемі 900 мың теңге деп бағалануда.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, тұрғылықты мекенжайында қолға түсті.

Астана бригадир сот Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар