Астанада 3 қыз 50-ге жуық еркекті сан соқтырды
Астанада үш қыз 50-ге жуық ер адамның ақшасын иемденіп, сан соқтырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар сайт арқылы танысып, қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған.
Жігіттерге интерьері әдемі пәтерлердің суретін жіберіп, 1 тәулікке жалға алуды ұсынған.
Нәтижесінде 45 жәбірленуші 600 мың теңгеден астам ақша аударған.
Ақшаны алып алған соң, байланысқа шықпай қойған.
Сот үкімімен оларға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылауға алынып, мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: