Астанада 9-қабаттан құлаған баланың жағдайы белгілі болды

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі 9-қабаттағы терезеден құлаған 6 жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астанада 11 тамыз күні 6 жастағы бала тұрғын үйдің 9-қабатынан кіреберіс қақпасының қаңқасына құлап, аман қалды. Оқиға куәгері оны төменге сырғып кетпесін деп ұстаған әйелге көмектесіп, жедел жәрдем шақырған.

Бала жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Бірнеше күннен соң ол травматология бөліміне ауыстырылды.

"Баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, травматология бөлімшесіне ауыстырылды", – деп хабарлады Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын және бірнеше сынған сүйек жарақатын алған.

Астана Пәтер құлады Бала
Бүгін, 16:32 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:17 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар