Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2026, 17:49

Астанада 9 жасар қызға тиіскен шетелдік ер адам қамауға алынбады

Өзбекстандық Ахмаджон Кузибаев өткен тамызда 9 жасар қызы және 4 жасар ұлы бар танысы тұратын жатақханаға барған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әйел жұмысқа асығып бара жатқандықтан, олар сыртта кофе ішкен. Содан кейін ол кетіп қалған, алайда Ахмаджон оның үйіне кіріп алыпты. Сол кезде балаларына жаңғақ беріп, бір кезде қызды тізесіне отырғызып, сүйіп, сипалаған. Балалар қорқып, сатушы әйелге бәрін айтып берген.

Ер адам ұсталса да, оған қоғамдық жұмысқа тарту жазасы ғана тағайындалды.

Себебі Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы “Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу” бойынша бас бостандығынан айыру қарастырылмаған.

 

Сотталушыға жәбірленуші мен оның отбасына жақындауға тыйым салынды. Ал ол елімізден депортациялана ма, жоқ па, белгісіз.

Өзбекстан азамат сот шешім
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар