Астанада Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары қаза тапты

Астанада Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шенеунік кісі қолынан қаза тапқан. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, Ержан Бабақұмаров кешті таныстарымен бірге өткізген. Алайда отырыс кезінде олардың арасында жанжал туып, төбелеске ұласқан. Салдарынан Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған», - делінген хабарламада.

Ержан Бабақұмаров 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Президенттің кеңесшісі болған.

Әкім орынбасар Алматы Астана

Тақырыпқа жаңалықтар