Астанада ер адам пәтер ұтысы үшін іш киіммен жүгіріп, 15 тәулікке қамалды

Астанада ер адам пәтер ұтысы үшін іш киіммен жүгіріп, 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

21 қазан күні Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ер адам «Маған пәтер сыйла!» деген жазуы бар плакат ұстап, іш киіммен жүгіріп өтті.

Бұл әрекет блогер Melstroy ұйымдастырған пәтер ұтысына қатысу үшін жасалған. Алайда баспана орнына ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот ер адамның әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп таныды.

Астана ер адам түрме Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар