Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды
Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
24.kz арнасының мәліметінше, күдіктілер процеске БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, отырыстарды фото және видеоға түсіруден де бас тартқан.
Елорда сотының баспасөз қызметі алдын ала тыңдаудың басталғанын растады. Бұл туралы алдын ала хабарланбаған.
"Бүгін алдын ала тыңдау өтті. Баспасөз қызметі ешкімді жеке де, ортақ чат арқылы да шақырған жоқ. Бүгін өтініштер қаралып жатыр. Сот отырыстың ашық немесе жабық болу мәселесі бойынша кеңесу бөлмесіне кетті. Аяқталғаннан кейін ақпарат береміз", – делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: