Астанада сібір жарасын жұқтырған мал етінің сатылып жатқаны рас па?

Астанада сібір жарасын жұқтырған мал етінің сатылып жатқаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми мәлімдеді.

«Барлық жеткізілген ет өнімі ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ», - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында дезинфекциялық жұмыс толық аяқталды.

Желіде Астанадағы «Әлем» сауда орнында сібір жарасы ауруына шалдыққан мал етінің жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді.

Тақырыпқа жаңалықтар