Астанада жол талғамайтын көлік самокат мінген адамды қағып кетті

Астанада жол талғамайтын көлік электрсамокат мінген адамды қағып кетті. Ол жаңа жүрген көліктің алдынан күтпген жерден шығып қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі Халифа бен Заид Әл-Нахаян көшесімен келе жатып, оңға бұрылған кезде қозғалыс бағыты бойынша жолды кесіп өтпек болған электрсамокат жүргізушісін қағып кеткен.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Кадрларда электрсамокат жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін ескермей, самокаттан түспей жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болғаны көрінеді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды департамент.

Астана Апат Жол апаты Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар