Астанада жұмыссыздардың атына автонесие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Астанада жұмыссыздардың атына автонесие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар заңсыз автонесиені жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына рәсімдеген. Салдарынан 65 адам зардап шеккен. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асқан. Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілер һөһөқамауға алынды. Іс сотқа жолданды.

Астана Қылмыс авто Несие

Тақырыпқа жаңалықтар