Астанадағы оқушы қатарласын аямай соққыға жықты

Астанада жасөспірім қатарласын соққыға жықты. Оқушының мұндай әрекетке баруына қыз себеп болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаның «Мечта» тұрғын үй кешенінде болғанын мәлімдеді. Тұрғын үй №71 мектептің жанында орналасқан. Полицтя тексеру барысында жанжалдың барлық қатысушыларын анықтады.

Белгілі болғандай, жасөспірімдердің бірі қызға жақтасқан. Оның сөздері қатарласына ұнамай, екеуі жанжалдасқан. Кейін жанжал соңы төбелеске ұласты.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамдық орында бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары саралану үшін сотқа жіберілді.

Астана Мектеп Оқушы Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар