Ата-енесін өлтірген ер адамның анасы сұхбат берді

Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалуына және ерлі-зайыптының өліміне күдікті 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы өз шындығын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Марқұм Мақсот Мұқанғалиев пен Нәсіп Өтешқалиеваның құдағиы ұлымен соңғы рет 11 желтоқсанда сөйлескен. Содан кейін ұлы байланысқа шықпапты. Келіні Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансер есебінде тұрған. Сол себепті бес баланы өзі бағып-қағады екен. Ал күдікті мен әйелі Атырауда үй жалдап тұрған.

«Мен баламды өйтіп тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын, мүмкін емес ол. Сенбеймін. Әкесі қатты, әкесінен қорқады негізі. Әскерден келген соң күзетте жұмыс істеді. Қазір жүк тасушы болып істейтін», — дейді күдіктінің анасы.

Әйел марқұм құдаларымен жақын араласпаған. Тіпті құдағи оларға ренжулі екен. Ақбаянның ата-анасы ол ауырғалы іздеп келмеген көрінеді. Әйел зейнет жасында болса да, немерелерімді өз жауапкершілігіме аламын дейді. Бес баланың үлкені 10 жаста, кішісі бір жаста екен.

Атырау облыс Қылмыс Отбасы

Тақырыпқа жаңалықтар