Атырау облысында ер адам көршісін 27 жерден пышақтап өлтірді

Атырау облысында ер адам көршісін 27 жерден пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға маусымда Құрманғазы ауданы Каспий ауылында болған.

«Психиатриялық сараптама ер адам қылмысты ақыл-есі дұрыс емес күйде жасағанын анықтады. Оған мәжбүрлі ем тағайындалды», - деп жазды «Мой город» басылымы.

Анасының айтуынша, ұлы көп жылдар бойы есепте тұрған. Ол бірнеше рет бауырына да шабуыл жасаған.

Бұған дейін де бір көршісінің басынан балтамен ұрып, кеудесіне шанышқы тығып алған.

Шизофрениямен ауырған ер адам екі ай облыстық психиатриялық ауруханада емделіп, дәрігерлер «жағдай жақсарды» деп шығарған.

Атырау ер адам Пышақ облыс

Тақырыпқа жаңалықтар