Атырау облысында күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды
Атырау облысында күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік істе күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы Ақбаян Мұқанғалиева әлі іздестіріліп жатыр.
Кеше олардың 3 баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 3 жасар және жас жарымдағы екі сәбиі балалар үйіне орналастырылды. Бұған дейін олар ата-әжесінің қолында болған еді. Полиция департементінің ұсыныс-хатына сәйкес кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия осындай тоқтамға келген. Мұндай шешім балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданды,- дейді Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: