Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы ұрған

Атырау облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған орталықта балаға қатысты қатыгездік көрсету әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Онда орталық қызметкерінің дамуында ерекшеліктері бар баланы жұлқып көтеріп, ұрып жатқаны көрінеді.

Полиция видеоны зерттеп, қылмыстық іс қозғаған.

"Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2024 жылы болған, бірақ полицияға ол туралы 25 қыркүйекте арыз түсті", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары алдын ала тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлерден жауап алып жатыр.

Ақпарат Бала Атырау мүгедек

Тақырыпқа жаңалықтар