Атырау облысында жол апатынан екі сәби қаза тапты

atyrauoil.official басылымының мәліметінше, 26 наурыз күні күндіз Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ауыр жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала ақпарат бойынша, елді мекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

– 26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады полиция.

Атырау Апат Сәби полиция

Тақырыпқа жаңалықтар