Атырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды

Атырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде далалық жаттығулар кезінде сарбаз қаза тапты.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз оқ жарақатын алған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға қаруды абайсыз ұстаудың салдарынан болуы мүмкін.

Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сарбаз Атырау облыс Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар