Атырауда 21 жастағы жігіт қызды бірнеше сағат бойы азаптаған
Атырауда 21 жастағы жігіт қызды бірнеше сағат бойы азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол 19 жастағы қызды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, азаптап, болған жағдайды видеоға түсірген.
Жігіт кей кадрларды әлеуметтік желіге жариялаған.
Видеодан жәбір көрген қыздың бет-аузы жарақаттанғанын көруге болады.
Облыс полициясы «Азаптау» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сот қаулысымен ер адам бұзақылық үшін және мас күйде қоғамдық орында жүргені үшін 30 тәулікке қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: