Атырауда 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, өзіне қол салды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары8 қазан 2024, 10:23

Атырауда 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, өзіне қол салды

Атырауда 25 жастағы жігіт ата-анасын асқан қатыгездікпен өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады. Қанды қылмыс 5 қазан күні болған. Өз ұлының қолынан қаза тапқан марқұмдар 65 және 58 жаста. Полиция адам өлтіру бабы бойынша іс қозғап, тергеу жүргізуде. Сұмдық жағдайдың жай-жапсарын айтпай отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бірақ бейресми ақпарат бойынша 25 жастағы жігіт ұйықтап жатқан әке-шешесін пышақтап тастаған, деп жазады КТК телеарнасы.

Тіпті денесінің сау-тамтығын қалдырмай темірмен соққылаған көрінеді.

Одан кейін «Кешіріңдер, мені» деген жазба қалдырып, қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде асылып қалған.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

— Атырау облысы полиция департаментінде адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жариялауға жатпайды.

ата-анасы Атырау жішіт Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар