Қазақстан жаңалықтары3 ақпан 2026, 9:33

Атырауда 42 жастағы ер адам курьерді аямай соққыға жықты

Оқиға 1 ақпанда, жеткізуші тапсырысты апарып берген кезде болған, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Полиция курьердің нақты не себепті тапсырыс берушіге ұнамай қалғанын хабарламады. Алайда куәгерлердің айтуынша, 37 жастағы жеткізуші қатты соққы алған — қолы мен беті қанға боялған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған азамат мас күйінде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Атырау полиция Қызмет соққы

Тақырыпқа жаңалықтар