Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотталды

Атырауда 41 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Балықшы шағынауданында болған.

Сот мәліметінше, мас күйдегі ер адам әйеліне шабуыл жасап, ауыр жарақаттар салған. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыс кезінде пәтерде олардың 6 және 12 жастағы қыздары болған. Үлкен қызына психологиялық көмек көрсетілді.

Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуді белгіледі. Ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.

Атырау ер адам Әйел сот

Тақырыпқа жаңалықтар