Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2024, 9:00

Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр

Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр. Қазір мұнайлы шаһарда ыстың иісі қатты сезіліп тұр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 9 қазанда табиғи резерваттың аумағындағы қамыс өрті анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Атырау қаласының маңындағы Еркінқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс бықсып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 46 қызметкер, 16 техника тартылды. Қараңғы түсуіне байланыс өртті сөндіру жұмысы уақытша тоқтатылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Резерват аумағындағы қамыс өртін сөндіру, ертең, 10 қазан қайта жалғасады.

«Қамыс өртінен елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Жалын шарпыған аумақ қамыс өрті толық сөндірілген соң анықталады. Оны арнайы комиссия мүшелері анықтайтын болады», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Атырау Ақжайық табиғи резерват Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар