Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды

Атырауда қоғамдық көлікте жасөспірім қыздар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында қыздар төбелесіп қалған. Егде жастағы ер адам қыздарды ажыратуға тырысады. Бірақ қыздар бірін-бірі итеріп, шаштарынан тартып, жолаушыларға толы автобуста төбелесін жалғастырады.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылыққа қатысы бар жасөспірім анықталған.

«Аталған дерек бойынша ұрып-соғу фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта жәбірленушіден және оқиғаның басқа куәгерлерінен түсініктемелер алынып, барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізілуде», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Атырау автобус Төбелес Заң

Тақырыпқа жаңалықтар