Атырауда балалар алаңында 9 жастағы баланы ұрып кеткен күдікті ұсталды

Атырауда балалар алаңында оқушыны соққыға жыққан оқиға бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бала жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, аталған дерек бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

24 қыркүйекте әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның ойын алаңында ойнап жүрген балаларға жақындап, 9 жастағы баланы соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға Алмагүл ықшамауданында болғаны хабарланды. Жазбаларда белгісіз жігіт еш себепсіз балаға шабуылдап, дене жарақатын салғаны, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткені айтылған.

Бала ересек Атырау ұрды

Тақырыпқа жаңалықтар