Атырауда бассейнге барған 13 бала хлордан уланды
Атырауда бассейнге барған 13 бала хлордан уланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның үшеуі қазір ауруханада, қалғаны үйіне жіберілген. Дәрігердің айтуынша, балалардың қазіргі жағдайы жақсы. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Ал жуырда ғана ашылған бассейннің рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыс оқиғадан кейін өңірдегі ойын-сауық орындары, бассейндер тексеріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: