Атырауда екі кішкентай баланы көлік қағып кетті

Атырауда екі кішкентай баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

1 шілде күні сағат 18:30 шамасында «Kia Sorento» автокөлігінің жүргізушісі 2 жасар баланы қағып кетті. Бала ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Ал 3 шілде күні 18:50 шамасында 1996 жылы туған жүргізуші «Lada Granta» автокөлігімен 5 жастағы баланы қағып кеткен. Ол жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырау Бала Көлік қақты

Тақырыпқа жаңалықтар