Атырауда колледж мұғалімі кешіккен студентке жаттығу жасатқаны үшін тергеліп жатыр
30 қаңтарда Энергетика және құрылыс колледжінде 16 жастағы Роман Худин ағылшын тілі сабағына алты минутқа кешіккен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мұғалім Арайлым Ізбасарова жаза ретінде оқушыға 100 рет денені кеудеден көтеру жаттығуын (отжимание) орындауды бұйырған.
Сабақтан кейін баланың жағдайы нашарлап, қан қысымы көтерілген. Мұғалімнің сөзінше, бұл тәсіл бірнеше оқушыға қолданылыпты.
Баланың анасы арыз жазып, шағым хатты Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Абуовқа жолдаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: