Атырауда мектеп оқушысы өзінен кіші қызды пышақтаған
Атыраудағы мектепте 9-сынып оқушысы өзінен кіші қызды пышақтаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға "Бином" мектебінде болды.
Қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім мен оның ата-анасы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Жарақат алған қыз 8-сыныпта оқиды екен. Мойны, кеудесі және қолына бірнеше жарақат алды. Әсіресе кеуде тұсына ауыр зақым келген.
Ол жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: