Атырауда студенттер жаппай төбелесті
Атырауда студенттер жаппай төбелесті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қараусыз қалған гараждар маңында болған төбелестің видеосы тарады.
Екі жасөспірімге дене жарақатын келтірді деген күдікпен төрт студент анықталып, полицияға жеткізілген.
Төбелесті қатысушылардың бірі телефонға түсірген.
Күдіктілер кәмелет жасына толмағандықтан, олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Жасөспірімдер полицияның профилактикалық есебіне алынып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: