Атырауда үш егде жастағы адам газдан уланып көз жұмды

Атырауда үш адам газдан уланып мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы жағдай кеше түскі уақытта болған. Томарлы ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен 3 адамның мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1958 жылы туған ерлі-зайыпты мен 72 жастағы ер адамның көз жұмғаны белгілі болды. Үшеуі де жедел қызметтер келгенге дейін қаза тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінен ақау шыққан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Атырау газ Улану Апат
Кеше, 13:40 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 10:38 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:21 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар