Атырауда жігітті күштеп көлікке отырғызып алып кеткен: полиция не дейді?

Қала орталығында жігітті белгісіз адамдар күштеп көлікке отырғызып әкеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұны көрген тұрғындар тұрғындар болған жағдайды видеоға түсіріп, полиция шақырған.

Облыс полициясы мән-жайды түсіндірді.

«Тәртіп сақшылары ұрлық жасады деп күдікке ілінген 19 жастағы азаматты полиция бөліміне жеткізгені көрінеді. Күдіктіні жеткізу кезінде тұрғындар полицейлерге кедергі келтірген. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілген соң оған құқықтық баға беріледі», — делінген полиция хабарламасында.

Күдікті бұған дейін де құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оның Атырауда тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз жүргені анықталды.

құқықбұзушылық Күдікті Жауапкершілік полиция

Тақырыпқа жаңалықтар